Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшесі Шымкент қаласында

www.muftyat.kz 05.11.2019 2595 0 пікір
РАНТ мүшесі Шымкент қаласында

Дін істері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы аясында ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімінің маманы Әділбеков Хамзат Қажымұратұлы 28-29 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында арнайы сапарымен болды.  

Бірінші жұмыс күні қалада орналасқан түзеу колонияларында болып, бас бостандығынан айрылған азаматтармен кездесті. Кездесу барысында Қазақстандағы діни ахуал, Дін атынан сөйлеудің жауапкершілігі, Діни басқарманың негізгі бағыттары турасында дәріс оқыды.  Екінші жұмыс күнінде Жол-көлік және Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу колледжінің, студенттерімен кездесу жүзеге асты.  

Кездесу барысында қоғамдағы қазіргі діни ахуал туралы мәліметтер беріле отырып, ислам дінінің білім саласында алатын орны, асыл дініміздің ұстанымдары жайында айтылды. Бұл, тағлымы мол кездесудің маңыздылығы - жас ұрпақтың діни сауаттылықтарын арттыруға бағытталды. Кездесу соңында, жастар өздерін діни бағытта толғандырып жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.

Сол күні кешке Шымкент қаласындағы «Билал ибн Рабах» мешітінде жергілікті мешіт жамағатымен және қарилар орталығының шәкірттерімен кездесіп, «Ислам және жастар» тақырыбында уағыз жүргізді. 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру