Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти кеңесшісі Үшқоңыр медресе колледжіне келді

www.muftyat.kz 05.11.2019 3564 0 пікір
Бас мүфти кеңесшісі Үшқоңыр медресе колледжіне келді

«Үшқоңыр медресе колледжіне» Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы тапсырмасымен Халықаралық және ішкі істер жөніндегі кеңесшісі Балтабай Уажитұлы Мекежанов іссапармен келді.

Балтабай Уажитұлы медресе колледжің ұстаздары және шәкірттерімен кездесіп, оқу-тәрбие процессінің тыныс-тіршілігімен танысты. Колледждің оқу-білім бағдарламасы жайында толыққанды ақпарат алып, ұсыныс-талаптарын тыңдады. Компьютер, кітапхана және жатақханаларды аралап, студенттерге білім алуға барлық жағдайлар жасалғанына куә болды. Кездесу барысында Балтабай Уажитұлы шәкірттердің діни білім алуға республикамыздың шалғай облыстарынан келгендеріне ризашылық танытып, білімнің маңыздылығына тоқталды. Келешекте инабатты-иманды болып, ата-дініміз Исламды күшейтіп, нығайтуға үлес қосатындарына үміт артатындығын жеткізді. Соңында студенттердің талаптары мен ұсыныстарын ескеріп, естелік суретке түсті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру