Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наурызбай қажы Тағанұлы жас спортшыларға ақ жол тіледі (ФОТО)

muslim.kz 04.11.2019 2697 0 пікір
Наурызбай қажы Тағанұлы жас спортшыларға ақ жол тіледі (ФОТО)

Қараша айының 10-18 жұлдызы аралығында Моңғолия астанасы Улан-батор қаласында бокстан жастар арасындағы Азия біріншілігі өтеді. Дүбірлі додаға еліміздің намысын қорғау үшін сайдың тасындай іріктелген 10 боксшымыз қатыспақшы. Еліміздің әр түкпірінен жиылған жас спортшыларымыз қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында бас қосып, жарыс алдындағы дайындықтарын пысықтау үстінде.

Айтулы сапар алдында ел ағаларының ақ батасын алып, ақыл-кеңестеріне жүгінуді кұп көрген Қазақстан Бокс федерациясының мамандары арнайы кездесу ұйымдастырып, жас боксшыларымызды жігерлендіре түсті. Ел намысын қорғауға аттанғалы тұрған жастарымызға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының екі дүркін күміс жүлдегері Болат Жұмаділов және елімізге белгілі бапкерлер құрамы ақ тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.

Бокстан ҚР жасөспірімдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сәтжановтың айтуынша, Моңғолия жеріндегі жарысқа еліміздің атынан 10 боксшы қатысады.

«Жастарымыздың жарысқа деген дайындығы өте мықты. Алайда, ата-бабамыз «арық сөйлеп, семіз шық» деген емес пе?! Алдыңғы Азия біріншілігінде 6 спортшымыз топ жарған болатын. Биыл да осы межеден таймай, жүлделі оралуға тырысамыз», – дейді Қайрат Тұрсынханұлы.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру