Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Шарбақты ауданының бас имамы ауысты

mazhab.kz 04.11.2019 3080 0 пікір
Павлодар: Шарбақты ауданының бас имамы ауысты

Шарбақты ауданының орталығындағы "Қызыр" мешітінің бас имамы ауысты. Бұл қызметке Ақжол Исабек тағайындалды. Ол бұған дейін "Мәшһүр Жүсіп" орталық мешітінің ұстазы болып жұмыс істеген болатын.  

Ал осы күнге дейін Шарбақты ауданының бас имамы болып келген Әділ Райымбек "Қызыр" мешітіндегі қызметін одан әрі жалғастыра береді. Дәлірек айтсақ, ол аталған мешіттің наиб имамы болып бекітілді.

Жұма намазында Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы ауданның жаңа имамын жергілікті жамағатқа таныстырды. Облыстың бас имамы Әділ Райымбектің осы уақытқа дейін сіңірген еңбегіне тоқталып, оны Алғыс хатпен марапаттады. Сонымен қатар, ол Ақжол Исабекті жұртшылыққа таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ Жолдас Қоспақұлы Шарбақты ауданының әкімі Әзілхан Әбеуовпен кездесіп, ауданның жаңа имамын таныстырды. Аудан басшысы Ақжол Исабекке барынша қолдау білдіретінін айтты.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру