Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы насихатталды

islam-atyrau.kz 04.11.2019 2388 0 пікір
Атырау: "Жеті рухани қазық" тұғырнамасы насихатталды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жамағатқа "Жеті рухани қазық" тұғырнамасын таныстырды.

Жұма намазы алдында Алтынбек Ұтысханұлы рухани тұғырнаманың қоғам өмірінде алатын өзіндік орны, маңызы туралы кеңінен насихаттады. 

"Ислам дінінде адал жолмен табыс тауып, еңбек етуге айрықша мән берген. Шариғатымызда адал еңбек етудің өзі дұғаның бір түрі екенін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ, «Халал еңбек ету – әр мұсылманға парыз», «Халал табыс табу үшін шыққан адам жиһадта жүрген кісі тәрізді», - деген ардақты Пайғамбарымыз мұсылман қауым үшін адал еңбектің қаншалықты маңызды екендігін да саралап тұрып айтып кеткен. Хакім Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп, еңбек етуді, адал табыс табуды өсиет еткен. Рухани тұғырнаманы оқып отырған адам ондағы сүбелі ойлармен және оның бүгінгі күн тұрғысынан өзекті екендігімен еріксіз келіседі",- деді Алтынбек Ұтысханұлы.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру