Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚР ҰҒА академигі Мамбет Қойгелдиев Нұр-Мүбарак университетінде

nmu.kz 04.11.2019 3154 0 пікір
ҚР ҰҒА академигі Мамбет Қойгелдиев Нұр-Мүбарак университетінде

ҚР ҰҒА академигі Мамбет Қойгелдиев Нұр-Мүбарак университетіне арнайы қонақ болды. Кездесу барысында академик Мамбет Қойгелдиев Ректор, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жиндиге өзінің «Алаш қозғалысы» атты қос томдық еңбегін тарту етті. Сондай-ақ Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Шамшәдин Керім, PhD, доцент Алау Әділбаев, филос.ғ.к., доцент Жалғас Сандыбаев мырзалармен саяси қуғын-сүргін жылдары қудаланып, әлі шындығы ашылмай жатқан ишан, молдалар жайлы мәселелерді ортаға салды. 

Сонымен қатар студенттермен кездесуде қазақ елінің басынан өткен нәубетті, бүгінгі ұлт бойында қалыптасқан кемшін тұстардың себептеріне нақты тоқталып өтті. Қазақ халқының тарихына орасан үлес қосқан академиктің дәрісінен студенттер де, жас ғалым, оқытушы-профессорлар да тағылым алып, кездесу соңында қолтаңба алып естелік суретке түсті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру