Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Ойыл мешіті жаңартылды

nurgasyr.kz 04.11.2019 3909 0 пікір
Ақтөбе: Ойыл мешіті жаңартылды

Ойыл аудандық мешітінің бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы жыл сайынғы Рамазан айындағы ауызашар дәстүрінің орнына дәретхана салуды және мешіттің айналасын қоршауды қолға алған азаматтар бар екенін жеткізді. Олар Рамазаннан бастап осындай істі қолға алып, қаржы жинаған. Аудандағы кәсіпкер ағаларымыз да сауапты істен шет қалмаған.  Мешіт құрылысы жазда басталып, күзде қолданысқа берілген екен.

Еске салсақ, Ойыл аудандық мешіті 1893 жылы салынған. Ақтөбе өңіріндегі көне ғибадатханалардың бірі әрі бірегейі болып саналады. Сыйымдылығы – 250 адамдық. Мешітте бес уақыт намаз оқылып, әртүрлі тақырыпта уағыз жүргізіледі. Сондай-ақ, жергілікті жамағат үшін апта сайын 3 рет сауат ашу курсының сабақтары жүргізіледі. 

Жалпы, биыл мешітті қоршап, дәретхана салу жұмысына 1,5 миллион теңге қаржы жұмсалған. Осындай іске ұйытқы болған ауыл азаматтары, сауапты істің басынан аяғына дейін жүрген. Бірақ, кәсіпкерлер есімдерін айтпауды өтінген Дегенмен, халқымыздың «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» деген даналық нақылына сүйеніп, Ойыл спорт мектебінің басшысы Қанат Ермағамбетовтың есімін айрықша атап өткеніміз абзал. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, ауылдағы кәсіпкерлердің басын қосып, қаржы жинауға, қажетті материалдарды алуға және құрылысты салуға ұйытқы болған осы азамат. 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру