Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл облысында жаңа мешіт қолданысқа берілді

asyldin.kz 04.11.2019 3174 0 пікір
Жамбыл облысында жаңа мешіт қолданысқа берілді

Тараз қаласының Барысхан алқабында жаңа мешіт қолданысқа берілді. Құрылысы 2017 жылы басталып, алғашқы іргетасы қаланған Алла үйінің бұл ғимараты бүгінде толықтай аяқталып, ашылу салтанаты өтті.  

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы Бас имамы Қанат Жұмағұл, ақсақалдар, ел ағалары, имам-молдалар, Тараз жұртшылығы қатысты. "Һибатулла Тарази" мешітінің наиб имамы Қасымжан Бектаев қасиетті Құран аяттарын оқып, Бас имам көпшілік алдында мешіт салу жайлы әсерлі насихат айтты. "Сейдуаш ата" атауы берілген жаңа мешіт Жамбыл облысы бойынша 305-інші, ал Тараз қаласы бойынша 32-інші мешіт болып отыр. Жиында Қанат Әділханұлы Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, мешіттің бас имамы қызметіне Ғазиз Мәдібековті тағайындап, халыққа таныстырды. Сондай-ақ, Алла үйіне Құран кітабын сыйға тартып, мешіт лентасын қиды.  

Айта кету керек, бұл Барысхан алқабы қалада жаңадан бой көтерген аймақ. Мұнда тұрғын үйлер көбейіп, қаланың элиталық аймағына айналғанымен мешіт болмаған. Мұсылманшылықты ұстанған халыққа осы мешіт құрылысын салып, ел игілігі үшін пайдалы іс атқарған жас демеушіге Алғыс хат табысталып, әкесіне облыс атынан шапан жабылды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, қалың бұқара ризашылығын білдірді. 





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру