Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұстазы, "Әйел -қыздар" секторының жетекшісі Ахметова Әйгерім облыстағы әйел ұстаздардың басын қосып, форумда қабылданған құжаттарға байланысты жиын өткізді.
Жиында Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Рухани жеті қазық» Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасымен таныстырып, қабылданған құжаттың маңыздылығын түсіндірді. Сонымен қатар ұстаздар әйелдер жамағаты арасында болып жатқан түйіткіл мәселелерді ортаға салып, оның алдын-алу жолдарын қарастырды.
Жиын соңында Ахметова Әйгерім қасиетті Мәуліт айының келу құрметіне орай атқарылатын шараларға жоспар құрып, әр ұстазға тапсырма берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
04.11.2019
2922
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру