Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықта теңбіл доптан жарыс басталды

Бөрлі ауданының баспасөз қызметі 01.11.2019 2555 0 пікір
Ақжайықта теңбіл доптан жарыс басталды

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданында шағын футболдан аудандық ІІІ қысқы лигасы басталды. 29 қазан күні шағын футболдан "Қысқы Лига 2019-2020" ерлер арасындағы аудандық чемпионаты бастау алды. Лигаға 20 команда 400 спортшы қатысуда.  

Жоғары лигада:

Ақсай мешіті, АқсайЖылуҚуат, Батыс жастары (Шыңғырлау ауданы), Бумакөл ауылы, Жәңгір, Конденсат, Қарашығанақ, Жастар ресурстық орталығы,Тұлпар, Чемпионика командалары бақ сынайды.

Бірінші лигада:

Автомобилист, Ақбарыс, аудандық орталық аурухана, Биернұр, Бөрлі ауданының әкімдігі, КПО б.в. кәсіподақ ұйымы, КИОС, Бейкер Хьюз, Free Style, БЖСМ ардагерлер командалары баптарын көрсетеді. Аталмыш додаға Бөрлі аудандық мешітінің жамағатынан құралған «Ақсай мешіті» командасы өнер көрсетуде.

Лиганың өткен ашылу салтанатына Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов құттықтау сөзін арнаса, аудандық футбол федерациясының президенті Махамбет Карашутов үшінші мәрте өткізілгелі тұрған лиганың ашылуымен құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Лига 2020 жылдың наурыз айына дейін жалғасатын болады. 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру