Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Жамағатқа форумда қабылданған құжаттар таныстырылды

СҚО өңірінің баспасөз қызметі 01.11.2019 2825 0 пікір
СҚО: Жамағатқа форумда қабылданған құжаттар таныстырылды

СҚО «Қызылжар» орталық мешітінде жамағат қажы апаларына жуырда өткен III Республикалық имамдар форумында қабылданған «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері», «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «Жеті рухани қазық»  атты үш құжат таныстырылды.

Жиынды бастаған СҚО «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай Байкемелұлы Дүйсенбай аталмыш құжаттарды түсіндіріп, олардың маңыздылығымен қатар форумда көтерілген мәселелерді жеткізді. Қажы апалар өз тараптарынан құжаттардың ел болашағына, жастар тәрбиесіне деген маңызы зор екендігін айтып, алғыстарын білдірді.

Арнай шақырылған БАҚ мүшелеріне сұхбат беріліп, қасиетті жұма уағызында форум құжаттары насихатталды. 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру