Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Бас имам БАҚ өкілдеріне сұқбат берді

Нұрлан Саматұлы 01.11.2019 2346 0 пікір
БҚО: Бас имам БАҚ өкілдеріне сұқбат берді

Кеше республикалық «ТДК-42» теле-арнасына БҚО-ның бас имамы  Мұратбек Қыстаубаев «Ысырап» жайында сұқбат берді.  

Мұратбек Мұхтарханұлы «Ысырап» жайында кеңінен тоқталып, жақында «Достық үйінде» аталмыш тақырып жайында дөңгелек үстел болғандығын айтып өтті. Дөңгеле үстелде діни рәсімдерді ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің XV отырысында қабылданған «Жаназа һәм жерлеу рәсімдері» пәтуасының аясында жүзеге асыру және осы ретте ҚМДБ бұйрығымен бекітілген арнайы дін мамандарының қызметіне жүгіну мәселелері сөз болды.  

Ақжайық өңірі бойынша ортақ құдайы ас (садақа) мәзірі бекітілді. Соған сәйкес садақа дастарханына бауырсақ, жеті нан, тары, талқан (жарма), қаймақ, сары май сынды ұлттық тағамдарымызды және одан бөлек нан, құрма, қант, кәмпит, печенье, мейіз, өрік, шай, су және ыссы тамақ есебінде ет (күріш) қою ұсынылды.

Орал орталық мешітінің бас имамы журналистерге екі тілде жауап берді.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру