Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: ТҰҒЫРНАМА ТАНЫСТЫРЫЛЫП, БАҒДАРЛАМА БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері 01.11.2019 3707 0 пікір
МАҢҒЫСТАУ: ТҰҒЫРНАМА ТАНЫСТЫРЫЛЫП, БАҒДАРЛАМА БЕКІТІЛДІ (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде III республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды халыққа насихаттау мақсатында қала, аудан, ауыл имамдарының басын қосқан алқалы жиын өтті. Жиынға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, төрағалық етті.

Бас имам Әнуар Ізімбайұлы форумда қабылданған «Рухани жеті қазық» тұғырнамасы мұсылманның рухани кемелденуіне, мемлекетіміздің тұтастығы мен бірлігіне үлес қосатын тәлімдік құжат екенін айрықша атап өтті.

«Осы ретте біздің басты міндетіміз – имамдар форумында қабылданған құжаттарды халыққа насихаттау. Өйткені, тұғырнамада жазылған имандылық, еңбекқорлық, отаншылдық, мәдіниеттілік, білім алу, әділет жолын ұстану сынды құндылықтар әр азаматтың тұлабойынан көрініс табуы тиіс асыл сипаттар», – деді бас имам Ә.Елжанов.  

Жиын соңында облыс имамдары алда келе жатқан қасиетті айлар мен діни мерекелерді өткізудің жоспарын пысықтап, Мәуліт кешінің бағдарламасын бекітті. 






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру