Республикалық III имамдар форумында бекітілген «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасын түсіндіру жұмысы Талдықорған агротехникалық колледжінде өтті. Кездесуде "Нұр" мешітінің бас имамы Данағұлов Алмас Сағидоллаұлы, дін істері басқармасы және жастар саясаты бөлімі өкілдері қатысты.
Данағұлов Алмас қазіргі қоғам мүшелеріне ең қажетті жеті қасиет жайында жиналған тәлімгерлерге баяндап берді.
«Тұғырнама әрбір мұсылманның тұлғасында табылуы тиіс негізгі жеті көркем сипатты қамтиды. Атап айтатын болсақ, имандылық, отаншыл болу, білім алу, бірлікке болысу, еңбекқорлық, мәдениетті болу және әділдік принципін ұстану. Бұл – адам баласының кісілік келбетін, көркем мінезін қалыптастыруға негіз болатын жеті рухани қазық», – деді Алмас Сағидоллаұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Taglym.kz
30.10.2019
3359
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру