Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА ФОРУМДА ҚАМТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 30.10.2019 2887 0 пікір
ТҮРКІСТАН: ЖАСТАРҒА ФОРУМДА ҚАМТЫЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

Өкілдіктің Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен "Болар елдің баласы он бесінде "Баспын" дер..." атты көшпелі семинар өтті. Облыстың бас имамы Жастар ісінің жетекшілеріне ІІІ-Республикалық имамдар форумында қабылданған тұғырнамаларды таныстырды. Мүфтияттың ел игілігі үшін алға қойған мақсаттарына жетуге үлес қосу керектігін айтты.

"Рухани жеті қазық" тұғырнамасының аясында жүйелі жұмыс істеуге шақырды. Олардың пікірлерін тыңдады.

Семинар барысында жақсы адам, мықты маман болуға бағыттайтын ынталандыру тренингтері өткізілді. Дұрыс мақсат қою және оған жету жолдары үйретілді.

Өкілдік сияқты Жастар ісі бөлімі де жаңадан құрылып, аудандық жетекшілердің басы енді құралып бітті. Бір тоқсан "Бауырластық айы" боп жарияланған. Көшпелі семинарлар ел танып, жер көру үшін де ұйымдастырылып келеді. Жас имамдар арасында "Сегіз қырлы, бір сырлы" атты өнер-білім сайысы жарияланды. 



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру