Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚЫЗДАР АРАСЫНДА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 29.10.2019 3302 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен "Ақмешіт-Сырдария" орталық мешітінде "Біліммен нұрланған жүректер" тақырыбында интеллектуалды білім сайысы өтті.

Шара қасиетті Құран Кәрім аяттарымен ашылып, алғы сөз алған облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова қатысушыларға сәттілік тіледі.

Қалалық мешіттердегі діни-сауатын ашу курсында білім алушы шәкірт қыздардан құралған үш топ "Ұяшық таңда", "Топ басшылармен жұмыс", "Логикалық сұрақтар" кезеңдері бойынша білімдерін ортаға салды.

Әділқазылар алқасының бағалауы бойынша :

I-"Алғырлар" тобы

II-"Зейінділер" тобы

III-"Білімділер" тобы жүлделі орындарды өзара бөліп алып, диплом, алғыс хаттармен және жүлделі сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, көрермендер арасында «Белсенді көрермен» ойыны ойнатылып, сұрақтарға дұрыс жауап бергендерге арнайы сыйлықтар табысталды.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру