Бүгін Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасы мен ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп, М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Қазақстанның дамуындағы дәстүрлі исламның рөлі» атты семинар өткізді.
Семинарды Шымкент қаласының ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Бектаева Жанар Әлібекқызыжүргізіп отырды. Семинар барысында елімізге белгілі дінтанушы ғалым, PhD докторы Қайрат Жолдыбайұлы мен Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев жиналған жамағатқа дәріс оқыды. Бас имам Б.Қыдырбайұлы ислам дінінің құндылықтары туралы мазмұнды баяндама жасады.
Семинар барысында 23 қазанда Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында ІІІ Имамдар форумында «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының Рухани Тұғырнамасы», «ҚМДБ атқаратын діни рәсімдер тізілімі», «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі» сынды құжаттардың тәлімдік тұстары сөз болды.
Сондай-ақ, семинар соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
29.10.2019
3488
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру