Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Алматы облысы, Талғар ауданына қарасты имамдар бас қосты.
Тұздыбастау мешітінде өткен жиында аудан имамы Мұсабек қажы Тағанұлы «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты III Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттармен таныстырып, әр құжатқа жеке-жеке тоқталып, нақтылап түсіндіріп өтті. Атап айтқанда сәби дүниеге келгеннен бастап, дүние салғанға дейінгі 45 тармақтан тұратын діни рәсімдердің тізімімен таныстырып, бас имамнан бастап азаншыға дейін атқаратын міндеттерін атап өтті. Ауыл имамдарына форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мақсатымен міндеттерін халық арасында кеңінен насихаттау тапсырылды.
Жиын соңында күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді ортаға салып, имамдарға бірқатар тапсырмалар берілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талғар аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі.
29.10.2019
3077
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру