Ақжайық өңірі, Орал қаласында орналасқан «Тәжиден Батырұлы» атындағы мешітінің имамы Мейрамбек қажы Абдрахмановтың бастамасымен, дін қызметкерлерінің қолдауымен қарттар үйіне барып, сенбілік жұмыстарын жасады.
Өз перзенттері балалардың қамқорынсыз жатқан қарттарға арнайы барып, «Бірлік пен ынтымақ» жайында уағыз айтып, еркін әңгімелесіп, наиб имамдар көңілдері қамыққан қарияларды сабырлыққа шақырды. Тұрып жатқан үйлерінің жанындағы ағаш жапырақтарын тазалап, ағаш түптерін қазып, жолдарын сыпырып білімді жастар өз көмектерін аямады.
Үлкен кісілер тазалыққа мән беріп, көңіл бөлген мешіт қызметкерлері мен жалынды жастарға разылықтарын білдірді. Қариялар өздеріне қазіргі таңда мемлекет қызметкерлері жақсы қарап жатқандарын тілге тиек етті. Алайда тек бір ғана балаларының жылы қабақ танытуларымен немерелерінің қасында болсақ деген лебіздерін білдірді.
Екі дүниенің бақытын ойласақ, дұғаларымыздың қабыл болуын қаласақ жақындарымызбен жақсы қарым-қатынаста болайық. Бүгін бар, ертең жоқ өмір. Демек, бүгін ренжіткен ағайынға ертең зар боп мәңгілікке айрырылып қалуымыз мүмкін ғой.
Алла еліміз бен жұртымыз тыныш, ұрпақтарымыз аман болсын!









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан Саматұлы
29.10.2019
2923
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру