Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әнуар Ізімбайұлы: Кел, балалар, оқылық ...

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері 29.10.2019 3740 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы «Ақтау қайырымдылық жеке мекемесінің» тәрбиеленушілерімен кездесіп, мекеменің ішкі тәртібімен танысып шықты.

Шәкірттермен кездесу барысында бас имам Әнуар Ізімбайұлы III – Республикалық имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мазмұнымен таныстырып, әр бөліміне жеке – жеке тоқталды, әсіресе «Білімділік» бөліміне ерекше тоқталып ол: Ізденімпаз, ыждағаттылық, зерделі, жасампаз, дарынды, зияткер, кәсіби сыңды қасиеттермен айқындалатынын айтты. Құранның алғашқы аяты білімге шақыратынын еске сала отырып, шәкірттерді оқуға, білімді болуға шақырды.

Республика бойынша ең бірінші Маңғыстауда ашылған «Ақтау қайырымдылық жеке мекемесінде», бүгінде 30 – ға жуық шәкірт тәрбиеленуде. Бекбосынов Бейбарыс, Мырзабек Абдулғани, Таңбай Заңғарбек сыңды мекеме шәкірттері облыс көлемінде өтіп жүрген Құран жарыстарынан жүлделі орындарға йе болып, ұстаздарының үмітін ақтап жүр.

Қайырымдылық мекемеде дәріс сыныптары, дәретхана, намазхана, асхана, кітапхана, жатақхана бар. Айта кетейік, кітапханада діни кітаптар ғана емес, белгілі ақын, жазушылардың шығармаларын көруге болады. Оқимын, білім аламын деген оқушыға бұл мекемеде барлық жағдай жасалған.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру