Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен бүгін Маңғыстау облыстық орталық мешітінде Нұр – Сұлтан қаласында өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарға байланысты мешіт қызмеркерлері арасында жиын өтті. Жиынға Маңғыстау облыстық орталық мешітінің бас имамы Әнуар Ізімбайұлы төрағалық етті.
Жиында бас имам Әнуар Ізімбайұлы бала дүниеге келген сәттен бастап, дүние салғанға дейін 45 тармақтан тұратын діни рәсімдердің тізімімен таныстырып, бас имамнан бастап азаншыға дейін атқаратын міндеттерін айтып өтті. Сонымен қатар, форумда қабылданған «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасының мақсатымен міндеттерін халық арасында кеңінен насихатау тапсырылды.
Жиын соңында күн тәртібіндегі өзекті мәселелер ортаға салынып, оны шешудің жолдары мешіт қызметкерлері арасында шешімін тапты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.10.2019
3443
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру