Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы «Үлгілі
малшы» ауылдық мешіті облыстық ақындар айтысын ұйымдастырды. Сөз сайысына
облысқа танымал 3 жұп өнер көрсетті. Айтысты тамашалауға көрермендер көп
жиналды.
Шара туралы:
«Ұлы даланың жеті қыры мақаласының аясында ауылымызда айтыс ұйымдастырып
отырмыз. Айтысқа деген халықтың ықыласы ерекше болды. Ақындарымыз өзекті
мәселелелермен қатар ел-жер тарихын барынша шабытпен көсіле жырлады» деп атап
өтті, айтысты ұйымдастырушы «Үлгілі малшы» ауылдық мешітінің бас имамы Батай
Әлімбек.
Жүлдегер ақындарға сыйлықтар табыс етілді. Айтыс халықтың көңілінен шықты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
26.10.2019
3718
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру