Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс аумағында діни бірлестіктер мен филиалдардың өкілдеріне арналған спартакиада өтті. "Тараз Арена" спорт кешенінде өткен сайыста гір тасын көтеру, кіші футбол, шахмат, қол теннисі ойналды.
Тартысты өткен спорттық іс-шараға облыстағы түрлі дін өкілдері қатысып, жалпы сайыс қорытындысы бойынша "Һибатулла Тарази" медресесінің студенттері 1 орынды қанжығасына байлап, кубок иеленді. Ал гір тасын көтеру бойынша осы медресе шәкірттері 2-3 орындарды иеленсе, үстел үсті теннисі бойынша шәкірттер 1-2 орын, кіші футболдан "Әзірет Әлі" мешітінің жамағаты 1 орынды жеңіп алса, "Шайқорық" мешітінің жамағаты 2 орынға шықты. Барлық жеңімпаздар алғыс хаттармен марапатталды.
Қазіргідей алмағайып заманда өркениеттер арасындағы бейбіт келісімді сақтау – өзекті мәселелердің бірі. Осы тұрғыдан алғанда, діндер арасындағы үнқатысуды дамыту – бүкіл әлемдік жауапкершілік. Ал мұндай шара дәстүрлі діндердің басын жинап, ортақ мақсаттар туралы салиқалы сөз айтуға, татулықта болуға мүмкіндік туғызады.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру