Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Жанқожа батыр ауылында жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 21.10.2019 2882 0 пікір
Қызылорда: Жанқожа батыр ауылында жаңа мешіт ашылды

Қазалы ауданына қарасты Жанқожа батыр ауылында халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 245 жылдығына орай «Ауылым – алтын бесігім» атты салтанатты шара өтті.
Мерейлі шарада ауыл халқының қуанышы еселеніп жаңа құлшылық үйі қолданысқа берілді.
Ашылу рәсіміне қатысқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен еңбек ардагері Берік Бисембаев, Сарықұл қожаның тікелей ұрпағы Ләйла Пана құттықтау сөз сөйлеп, жаңа имандылық үйінің ауыл жұртшылығы үшін ізгілікке насихаттаушы, мейірімділік пен бірлікке шақырушы орынға айналуын тіледі.
50 адамға шақталған жаңа мешіт жергілікті азаматтар мен ауыл тұрғындарының демеушілігімен салынды.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру