Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау облысының әкімі Діни басқарма өкілдерімен кездесті

Орталық "Иманғали" мешітінің баспасөз-қызметі 20.10.2019 2789 0 пікір
Атырау облысының әкімі Діни басқарма өкілдерімен кездесті

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ҚМДБ-ның Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған дін өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Нұрлан Ноғаев бұған дейін Атырау облысының Бас имамы лауазымында болған Батыржан Мансұровқа дін саласын өркендету жолындағы еселі еңбегі үшін алғыс табыстады.

Арнайы тапсырылған алғыс хатында ұстаз Батыржан Мансұровтың дәстүрлі Әбу Ханифа мәзһабын мұнайлы өңірге кеңінен тарату, мешіттерді діни сауатты мамандармен толықтыру, жаңа мешіттер тұрғызу жолындағы айрықша еңбегі атап өтілген.

Бұдан әрі аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев мұнайлы өңірге Бас имамдыққа тағайындалған «Нұр - Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі, магистр Алтынбек Ұтысханұлының жұмысына сәттілік тіледі. 

Еске сала кетелік, жұма күні Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мұнайлы өлкедегі жаңа өкілі тағайындалған болатын. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын жұма намазы алдында ҚМДБ-ның Діни білім жəне кадр даярлау бөлімінің басшысы Бейбіт Мырзагелдиев таныстырған еді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру