Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкентте Рухани келісім күніне орай тазалық шарасы өтті (фото)

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 19.10.2019 2780 0 пікір
Шымкентте Рухани келісім күніне орай тазалық  шарасы өтті (фото)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі 18 қазан – Рухани келісім күні мерекесіне орай «Тазалақ – иманның жартысы» атты қала мешіттерінің тазалық шарасын ұйымдастырды.


Тазалық шарасына қаладағы 105 мешіттің имамдары, Жастар ісі секторының, Халал бөлімі мен Зекет қайырымдылық қорының өкілдері  т.б. мешіт жамағаттары қатысты.


Игі шарада Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев: «Ардақты пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Дін – тазалық», – деген хадисі бар. Мүбәрак хадистен діндегі тазалықтың маңыздылығын ұғынамыз. Біз қоршаған ортаның тазылығымен қатар күнделікті құлшылық етіп жүрген мешіттердің тазалығына аса мән беруіміз қажет. Мешіт рухани һәм ғибадат жасау орталығы болып саналады», – деп атап өтті.

Айта кету керек, тазалық шарасы апта сайын өткізілетін болады.



 











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру