Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Түркістанда дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

www.inform.kz 18.10.2019 2727 0 пікір
Түркістанда дәстүрлі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Түркістанда дәстүрлі «Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және Түркістан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталды. Сегізінші рет ұйымдастырылған конференция Мәдениет және спорт министрлігінің «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің бастамасымен өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияға алыс-жақын шет елдерден 60 -тан аса қоғам қайраткері мен отандық және шетелдік белгілі ғалымдар, музей саласының мамандары қатысуда. Басқосу Қожа Ахмет Ясауидің рухани мұраларының түркі халықтарының рухани-мәдени болмысындағы орнын айқындап, зерделеу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өйткені түркі халықтарының рухани дүниесінің өзегі болған Ясауи мұрасы әлі күнге дейін өз дәрежесінде зерттеліп, ғалымдар тарапынан лайықты бағасын алған жоқ. Ясауи мұраларын ғылыми тұрғыдан танып - білу тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен қазақ халқының ұлттық идеясын қалыптастыруда, қазақ халқының рухани тәуелсіздігі мен Қазақстан халықтарының бейбіт қатар өмір сүру принциптерін нығайтуға қызмет етеді. Сонымен бірге, Ясауи ілімін оқып, үйрену ата-бабалардан үзілмей жалғасып келе жатқан дәстүр сабақтастығының ұрпақ санасынан жоғалмауына, соның арқасында рухы мықты ұлт санатында қала беруге ықпал жасайды.

Ясауи тарихын зерттеуші ғалымдар бас қосқан конференция пленарлық және секциялық бағытта өтетін болады. Басқосуда сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың ғылыми-практикалық конференция жұмысына арналған құттықтау хаты оқылды. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ж.Артықбаевтың 60 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің алғыс хаты мен «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің арнайы сый-сияпаттары табысталды.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру