Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Рант мүшесі Мәртөкте

nurgasyr.kz 18.10.2019 2989 0 пікір
Ақтөбе: Рант мүшесі Мәртөкте

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, РАНТ мүшесі Нұрлыбек Күзенбаев Мәртөк ауданына іс-сапармен барды. Дін өкілі өңірдегі жұмысының алғашқы күні аудан орталығында және Бөрте ауылында болып, халықпен және мектеп оқушыларымен кездесті. Жергілікті тұрғындармен жүздесу барысында жалпы білім алудың маңыздылығы, «Дін мен дәстүрдің өзара байланысы», «Дін және жастар» деген тақырыптарда мәнді әңгіме өрбітілді.

Нұрлыбек Шәкизадаұлы аудан орталығындағы №4 мектеп-гимназиясында болып, педагогикалық ұжым мен оқушыларға «Дін және қоғам» тақырыбында дәріс өткізді. 60-қа жуық адам қатысқан кездесу барысында көптеген сұрақтар қойылып, тиянақты жауап қайтарылды.

Сонымен бірге Мәртөктегі №2 орта мектептегі кездесуге 100-ге жуық адам қатысып, дін өкілінің тақырыптық дәрісін жоғарғы сынып оқушылары зор ынтамен тыңдады.

Жат ағымның алдын алу мақсатында РАНТ мүшесі ДДА ұстанушылармен жеке кездесіп, жұмыс жүргізді. Ал аудандық «Мәдениет үйінің» кітапханасында пробация тізімінде тұрған оншақты адаммен кездесті.

Сондай-ақ, Н.Шәкизадаұлы кешкілік Мәртөк мешітінде құптан намазының алдында жергілікті жамағатпен жүздесіп, уағыз жүргізді.

Алдағыкүндері облыстағы Бас мешіттің наиб имамы аталмыш ауданның Сарыжар және Родников ауылдарында болып, жергілікті тұрғындармен кездеседі.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру