Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Қарғалыда жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 17.10.2019 2918 0 пікір
Қызылорда: Қарғалыда жаңа мешіт ашылды

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылында жаңа мешіт ғимаратының ашылуы рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі Болатбек Ұласқанұлы, аудан әкімінің орынбасары Тұрмағанбет Жағыпбаров, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Әбдірахманов, аудандағы қажылар қауымдастығының төрағасы Оразбай Мысырханов және жергілікті кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары қатысты.

Қасиетті Құран Кәрім аяттарымен басталған шарада қонақтар ауыл халқын жаңа мешітпен құттықтап, ыстық лебіздерін жеткізген соң, лента қию рәсімі өткізілді.

Аудан экономикасының артуына ғана емес, әлеуметтің әлеуеті жақсаруына сеп болып жүрген аймаққа белгілі кәсіпкер Ә.Шорабаевтың демеушілігімен салынған мешітте бір уақытта 165 адамға дейін құлшылық жасай алады. Жаңа құлшылық үйіне "Алтай қожа" атауы берілді.







Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру