Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешітінде ақшам намазынан кейін дәріс оқытылмақ

nurgasyr.kz 17.10.2019 2607 0 пікір
Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешітінде ақшам намазынан кейін дәріс оқытылмақ

Кеше Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ақшам намазынан кейін РАНТ мүшесі, наиб имам Нұрлыбек Күзенбаев «Ислам дініндегі өзекті мәселелер мен ұғымдар» деген тақырыпта дәрісін бастады. Құран, хадис, ақида, фиқһ пәндері бойынша өткен сабақ барысында аталмыш тақырыпқа ерекше тоқталды.

Н.Шәкизадаұлы қазіргі қоғамда кейде түрлі түсініспеушілік туындатып жататын дінге қатысты мәселелерді халыққа түсіндіріп, өзекті деген тақырыпты жамағатпен бірге жан-жақты талқылады.  Осылайша, кейде түрлі діни ұғымдарға байланысты туындайтын түсініспеушілікке орай, егжей-тегжейлі түсінік беріп, сейсенбілік дәрісті қорытындылады.

Өңірдің Бас мешітінде РАНТ мүшесі Н.Күзенбаевтың тақырыптық дәрістерін әрбір сейсенбіде өткізу жоспарланып отыр.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру