Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Рухани келісім күніне орай волейболдан турнир өтті

Шымкент қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі 16.10.2019 2417 0 пікір
Шымкент: Рухани келісім күніне орай  волейболдан турнир өтті

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы бойынша өкілдігі бірлесіп 18 қазан - Рухани келісім күні мерекесіне орай «Салауатты өмір салты - өнегелі сүннет» атты дін өкілдері арасында волейболдан турнир өткізді.

Тұңғыш ұйымдастырылып отырған турнирге қаладағы төрт ауданның «Ақмешіт», «Еңбекші», «Қаратау», «Абай», «Әл Фараби» командалары мен қатар өзге дін өкілдерінің волейбол командалары қатысты.

Турнирде қаланың бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының бөлім басшысы Ғани Байсариев, «Діни мәселелерді зерттеу» орталығының директоры Мәди Бесбаев құттықтау лебіздерін білдіріп, командаларға сәттілік тіледі.

Аталмыш турнирдің бас жүлдесіне «Ақмешіт» командасы ие болды. Ал екінші орынға «Әл-Фараби», үшінші орынға «Абай» командалары ие болды. Жүлделі орын алған командаларға арнайы диплом және қаржылай сый-сияпаттар табыс етіліп, шара соңы берекелі дастарханмен жалғысты.

Осы тұста дүбірлі шараға спорт залынын ұсынған Еңбекші ауданы, Бадам-2 тұрғын үй алабы №97 орта мектебінің басшылығына, Еңбекші аудан имамдарына және ауыл ақсақалдар кеңесіне алғысымызды білдіреміз.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру