Бүгін Маңғыстау облыстық «Мейірбике» медициналық колледжінде Мұнайлы аудандық Ар – Рахман мешітінің бас имамы Айдос Муталиев, Дін істері басқармасының қызметкері Бақыткүл Мақсұтқызы және психолог мамандар «Суицид» тақырыбында жиын өткізді.
Жиында мамандар суицидттің қоғамға тигізер зиянын баяндаса, Ар – Рахман мешітінің бас имамы Айдос Муталиев: «Өз – өзіне қол жұмсау кез келген дінде тыйым салынған үлкен күнә. Алланың бізге берген өмірі, денсаулығы аманат, аманатқа киянат жасамай, әр күнімізге шүкіршілік етуіміз керек. Құранда Алла Тағала уәде еткендей бір қиындықтан кейін жеңілдік келетіні сөзсіз, сондықтан болмашы сынақтарға сағы сынып, өзіне қол жұмсау дұрыс шешім емес»,- деді.
Студенттер жиын соңында мамандарға толғандырған сұрақтарын қойып тарқасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметкері
16.10.2019
3293
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру