Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Мұғалжарда жыр мүшәйрасы өтті

nurgasyr.kz 16.10.2019 2770 0 пікір
Ақтөбе: Мұғалжарда жыр мүшәйрасы өтті

Биылғы жылы елімізде ұлы ақын, ағартушы, композитор Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын тойлауға арналған шаралар жер-жерде өтіп жатқаны жұртшылыққа жақсы мәлім. Ұлы Абайдың даталы мерейтойына ЮНЕСКО мен ТҮРКСОЙ да ерекше назар аударып отыр.

Осыған орай, Мұғалжар ауданының Бас имамы Әсемхан Ерғазинның ұйытқы болуымен жас жамағаттың арасында ұйымдастырылған Жыр мүшәйрасының да негізгі мақсаты – ұлы тұлғаның ғажайып шығармалары мен терең ой-толғамдарын ел ішінде кеңінен насихаттап, дана ойшыл Абай тағылымын жас ұрпақтың санасына сіңіру болды.

Өнер сайысы үш кезеңнен тұрып, аса тартысты өтті. Қорытындысында Аманбай Убайшан есімді жас ақын жеңімпаз атанды. Ал ІІ және ІІІ орындарды тиісінше үміткерлер Ерболат Іздіков пен Аслан Қатымов иеленді. Жыр мүшәйрасының жеңімпазы мен жүлдегерлер «Дипломдармен» және бағалы сыйлықтармен салтанатты түрде марапатталды. Сайысқа белсенді түрде атсалысқаны үшін Темірлан Мұхтар да марапатқа ие болды.

Сонымен қатар «Абай – ұлы тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жастарға арналған шараның тәлім-тәрбиелік мәні айрықша болды.









Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру