Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Нұр-Мүбарак» құрама командасы жеңімпаз атанды

nmu.kz 16.10.2019 2371 0 пікір
«Нұр-Мүбарак» құрама командасы жеңімпаз атанды

Алматы қаласының жоғары оқу орындары арасында өткен спорттық сайыста Нұр-Мүбарак университетінің студенттері әдеттегідей жоғары нәтижеге ие болды.  «Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау» атты жоба аясында өткізілген сайысқа 26 команда қатысты. Атап айтар болсақ, жүгіруден алдына жан салмаған желаяқ Хуандық Бақытберген 400 метр қашықтықта жеңімпаз атанса, жерден кеуде көтеруден  Жолдығалиев Аян 2-орын иеленді. Бажен Мағжан гір тасын көтеруде, тартылудан Курманов Айбек 3-орынды місе тұтты.  Эстафеталық сында желаяқтарымыз Хуандық Бахытберген  мен Касенова Бота мәртебелі 2 орынға ие болды.

Тартысқа толы әрі өте жоғары деңгейде өткен додада жалпы есеп бойынша Нұр-Мүбарак құрамасы 4-орынға табан тіреді. Ұйымдастырушылар: Нұр-Мүбарак құрамасы өте мықты жасақталған, ер балалар да, қыз балалар да жоғары көрсеткіш көрсетті, өкініштісі 3-4 ұпай кем айырмашылығы. Бірақ осының өзі жақсы көрсеткіш,-деп жүрекжарды лебіздерімен қанаттандырды. Жалпы есепке өз үлестерін қосқан спортшыларымызды атап кетсек: ұзындыққа секіру Малыбай Сұлтан,  қыздар арасында 400 метрге жүгіруден Абылаева Айтша, ұзындыққа секіруден Сайлаубай Дарияның үлестері жоғары болды .

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру