Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ: ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

Ислам институты баспасөз орталығы 16.10.2019 3559 0 пікір
ИСЛАМ ИНСТИТУТЫ: ТҮЛЕКТЕРГЕ ДИПЛОМ ТАБЫСТАЛДЫ (ФОТО)

ҚМДБ жанындағы республикалық имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтының 2019-2020 оқу жылының алғашқы «Тамыз-қазан, 2019» легін аяқтаған дін қызметкерлеріне куәлік табысталды.


Ислам институтының директоры Кенжеәлі Қоңыратбайұлы: «Еліміздің әр өңірінен келген имам-молдалар  екі ай бойы діни және дүнияуи пәндерді оқып, біліктіліктерін арттырып, тәжірибе алмасты. ҚМДБ, біз институт басшылығы мен ұстаздары осында оқыған имамдарға  зор үміт артып отыр. Білім алудың және оны өзгелерге жеткізудің өзі парыз болғандықтан, алған ілімдеріңізді жамағаттарыңызға жеткізу сіздерге жүктелген амал» - деп, бітіруші имамдарға жылы лебізін білдірді.  

Іс-шараға қатысқан ҚМДБ дін істері және талдау бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуезханұлы имамдық қызметтің жауапкершілігі жайында дәріс оқып, игі ниетін жеткізді.










Бітіруші түлектер Ислам институтының ұжымына алғысын білдіріп, ақсақал имамдар ақ батасын берді.

 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру