Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайда әскери қызметкерлермен кездесу болды

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 15.10.2019 2364 0 пікір
Қостанайда әскери қызметкерлермен кездесу болды

Таяуда Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 6697-ші әскери бөлімінде маңызды кездесу болып өтті.

Осынау тәрбиелік маңызы зор іс-шараның негізгі алдына қойған мақсаты - әскери қызметкерлердің бойында патриоттық сезімдерді барынша қалыптастырып, Ислам дінінің өзіндік ерекшеліктерін түсіндіру.

Ондағы кездесуге офицерлік құрам, шекара, әуе қорғаныс қызметкерлері қатысты. Тағылымы мол жиынға арнайы шақырылған Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев «Жат ағымға алып келетін негізгі себептер» деген тақырыпта әңгіме өрбітті. 

Жалпы, мұндай басқосулардың алар орны бөлек екендігін осы жүздесу айқын көрсетті.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру