Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: Қарғалы ауданына бас имам тағайындалды

15.10.2019 2702 0 пікір
Ақтөбе: Қарғалы ауданына бас имам тағайындалды

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан Қарғалы ауданында іс-сапармен болды. Өкіл имам аудан әкімі Асқар Жүсібалиевпен кездесіп, жергілікті жұртшылыққа жаңа Бас имамды таныстырды. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен бұған дейін осы мешіттің наиб имамы болған Нұрлан Қырықбаев Қарғалы аудандық мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.


Сонымен бірге іс-сапарында өкіл имам аудандық мешітте болды. Ақтөбе медресесінің 2013 жылғы түлегі және «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетін 2016 жылы бітірген жоғары білімді исламтанушы, аудандық АТТ мүшесі Н.Өмірбайұлының жаңа қызметіне табыс тіледі.

Ал бұған дейін Қарғалының Бас имамы болған Әбуғали Бақытқалиұлына Алғыс хат табыстап, иығына шапан жапты. Саналы өмірі мен бар білімін Ақтөбе өңірінде дін Исламның өркендеп, дамуына арнаған дін қызметкері алдағы уақытта мешіттің наиб имамы ретінде жұмысын жалғастыратынын айтты.

Жергілікті 50-ге жуық жамағатпен жүздесу барысында Төлеби Оспан уағыз айтып, қойылған сауалдарға жан-жақты жауап қайтарды.












Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру