ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында волейболдан қалалық турнир өтті.
Жарыстың басты мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, жамағаттың ауызбіршілігін арттыру, толеранттылықты қалыптастыру.
Сайысты алғы сөзімен ашқан ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Өкілі Болатбек Ұласқанұлы қала мешіттерінің жамағаттарынан құралған 12 командаға сәттілік тіледі.
Тартысты ойын төрешілерінің бағалауы бойынша жеңімпаз деп танылған командалар:
1-орын: «Айтбай» мешіті
2-орын: «Ақмолда» мешіті
3-орын: «Төлен ата» мешітінің құрамалары қаржылай сыйлықтарды қанжығаларына байлап, кубок, дипломдармен марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
15.10.2019
2620
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру