Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қоры күн шуақты балаларға қолдау көрсетті

«Зекет» қорының баспасөз қызметі 15.10.2019 3095 0 пікір
«Зекет» қоры күн шуақты балаларға қолдау көрсетті

«Зекет» қоры «Күн әлемі» қоғамдық қорына (ОФ «Солнечный мир») демеушілік көмек көрсетті.

Бұл қоғамдық қор ең алғаш 2015 жылы елордалық ерікті ата-аналардың бастамасымен «Даун синдромы» бар балаларға реабилитациялық, психологиялық, медициналық көмек және әлеуметтік қолдау орталығы болып құрылған. Реабилитациялық орталықта дефектолог, логопед, психолог, массажист және басқа да мамандар мен түрлі терапия кабинеттері жұмыс жасауда. Қазіргі таңда бұл орталыққа еліміздің басқа да өңірлерінен келіп ем шараларын қабылдауда. Орталықтың мақсаты – ауыр дертке шалдыққан балаларға қоғамның толыққанды мүшесі болуына көмектесу.

Осындай маңызды әрі ауыр еңбекті атқарып жатқан орталыққа «Зекет» қоры тарапынан қолдау көрсетілді. Балалардың ата-аналары зор ризашылықтарын білдіріп, реабилитациялық орталықтың басшылығы өз кезегінде «Зекет» қорының директоры Талғат Сейіткәрімұлына алғыс хат табыстады.



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру