Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ сектор жетекшісі Сыр сұлуларымен кездесті

Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 14.10.2019 2851 0 пікір
ҚМДБ сектор жетекшісі Сыр сұлуларымен кездесті

ҚМДБ «Насихат және қоғаммен байланыс» бөлімі, «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі, дінтанушы Ақбөпе Тілегенова Сыр өңіріндегі студент жастармен кездесті.

Облыстық Жастар ресурстық орталығында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, «Әйелдер-қыздар» және «Жастар ісі» секторларының ұйымдастыруымен өткен келелі кездесуге дінтанушы А.Қанатқызы, облыстық «Әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Л.Сыдықова, психолог М.Айтжанқызы, жоғарғы және орта оқу орындарының студенттері мен оқытушылары қатысты.

«Қыз бала – ұлттың ұяты, халықтың шырайы» тақырыбы аясында өрбіген сұхбат барысында психолог қазіргі қазақ қоғамындағы жастар арасында кездесетін мәселелердің түп тамырын талдап, шешімін табу жолдарына тоқталса, дінтанушы Ақбөпе Қанатқызы қыз баланың исламдағы дәрежесі жайлы айтып, қазіргі бойжеткен ертеңгі ұрпақ тәрбиелеуші анаға айналардан бұрын, ибалылық пен бияздылықты бойына сіңірген, көркем мінезді, білімді, жан-жақты дамыған тұлғаға айналу - әрбір қыз баланың басты мақсаттарының бірі екенің түсіндірді.

Сұхбат соңында сұрақтарға жауап беріп, ақыл-кеңестерімен бөлісті.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру