ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі жариялаған «Мешіт және дін қызметкерлері апталығы» аясында Өскемен қалалық мешіттері арасында дойбыдан сайыс өтті. Сайыс Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды.
Жарысқа Өскемен қаласындағы мешіттерден барлығы 4 команда қатысты. Шара туралы ұйымдастырушылар: «Діни қызметкерлер арасындағы бұл сайыс имамдардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру, береке-бірлігін нығайту мақсатында жасалып отыр»,-дейді.
Сайыста Өскемен қалалық «Мұхамади» мешітінің командасы 1-орын жеңімпазы болып, сыйлыққа ие болды. Ойынға белсенді қатысқан басқа командаларға сыйлықтар табыс етілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
14.10.2019
2895
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру