Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті

Алматы өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 14.10.2019 3862 0 пікір
Алматы: Әйелдерге арналған семинар-тренинг өтті

Үшқоңыр медресе колледжінде әйел-қыздарға арналған "Әйел даналығы - рухани құндылықтың алтын арқауы" тақырыбында ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілдігі "Әйел-қыздар" секторы, Алматы облыстық дін істері басқармасы және "Парасат жолы" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен семинар-тренинг болып өтті.

Трениг-дәрістерді ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша "Әйел-қыздар" секторының басшысы Айнұр Жарқынбекқызы, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Алтын арқау» мәдени-этнографиялық ҚБ төрайымы, «Қазақстан мұсылман әйелдері» ҚБ көшбасшысы, «Алтын қазық» журналының бас редакторы, журналист Ғалия Қайдауылқызы, Нұр-Мүбарак университетінің аға оқытушысы, психолог, докторант Шұғыла Ерубайқызы және «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ бөлім бастығы Алия Бауыржанқызы жүргізді.

Семинарда "Бала тәрбиесі", "Отбасы құндылықтары", "Дін және дәстүр", "Кәсіп иесі" сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.

Семинардың ашылу салтанатында Алматы облыстық дін істері басқармасының бөлім бастығы Ұзықбаев Әсет Даулеткелдіұлы, ҚМДБ-ның Алматы өңірі бойынша өкілі, орталық «Қарасай Батыр» мешітінің бас имамы Наржанов Қуаныш Бақытбекұлы және Үшқоңыр медресе колледжінің директоры Амиров Абзал Майлыбайұлы кіріспе сөз сөйлеп, семинар-тренингтің сәтті де пайдалы өтуіне тілектес болды.

Семинар соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру