Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің Іс басқарушысы Берік Кәдіров жұмыс сапарымен «Мешіт және дін қызметкерлері» апталығының аясында ЖАНТ кездесулерінің бөлісі бойынша Глубокое ауданында болды.
Іс басқарушы осы ауданның Белоусовка, Малоульбинка, Секисовка, Быструха, Черемечанка ауылдарында болып, халықпен кездесті.
Іс басқарушы халықпен кездесулерде: «Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, елдің бірлігін сақтап, берекесін бекемдеу бағытында жергілікті ақпараттық насихаттық топ бірқатар елді мекендерде кездесулер өткізуде. Басты мақсатымыз жат ағымдардан халықты сақтандыру, алдын алу» дей келе, мешіттерден атқарылып жатқан шаралар туралы баяндап, кездесудің мақсаты жайлы толық түсіндіріп өтті.
Іс басқарушы сонымен қатар діни қызметтің маңызы жайлы насихат айтты. Халықтың сауалдарына жауап берді. Жиынға қатысушылар діни қызмет туралы тұщымды насихат болғандығын айтып, іс басқарушыға ризашылық білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
12.10.2019
3308
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру