Бас Мүфти Серікбай қажы Ораздың биылғы облыс орталықтарынан қайырымдылық мекемесін ашу жөніндегі тапсырмасына орай, берекелі күзде Ақтөбеде игілікті іс өркен жайды. Қала іргесіндегі «Ақжар-1» ауылында «Әс-Сәлам» мешітінің жанынан ғимарат тұрғызу қолға алынды. ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан жаңа құрылыс басында болып, тың іске батасын берді.
Бір атап өтерлік қуанышты жәйт: ауылдық «Әс-Сәлам» мешітінің жанындағы балаларға арналған қайырымдылық мекемесі демеушілердің көмегімен салынады. Болашақта бұл жерде 50 жасөспірімді оқытып, діни тәлім-тәрбие беру көзделуде.
Сонымен қатар қазіргі таңда «Ақжар-2» ауылындағы ҚМДБ-ға қарасты ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қайырымдылық мекемесі биыл тапсырылады деп күтілуде.
Сондай-ақ, Ақтөбе қаласындағы бұрынғы «Рахым» мешітінің жанынан да осындай мекеме ашу жоспарланып отыр.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
11.10.2019
3321
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру