Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Тарбағатайда жаңа мешіт ашылды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 11.10.2019 3674 0 пікір
ШҚО: Тарбағатайда жаңа мешіт ашылды

Шығыста тағы бір құлшылық ордасы бой көтерді. Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, Қазақстан ауылында жаңа мешіт ашылды. Бұл күн ауыл тұрғындарың көптен күткен игі сәті еді. Рухани орданың ашылуына ауыл халқы, ауданның абыз ақсақалдары, ауыл басшылығы, имамдар қатысты.

Салтанатты іс-шарада Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Байжігіт баба» мешітінің бас имамы Аманкелді Жарасов құттықтау сөз сөйледі. «Бүгін асқақ Тарбағатай төсінде жаңа мешіт ел игілігіне беріліп отыр. Мешітіміз жамағатқа толы болсын. Ауылдың рухани ордасына айналсын» деп, жаңа мешіттің лентасын қиды.

Салтанатты шарада Құран оқылып, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасалды.

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру