Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Талдықорған: "Болашақ қажылар тобы" құрылды

Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі 10.10.2019 3140 0 пікір
Талдықорған: "Болашақ қажылар тобы" құрылды

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлының ұсынысымен жуырда ғана Талдықорған мешіттері жамағаттары арасында "Болашақ қажылар тобы" ашылған болатын. Жоба қатысушылары өз-ара қаражат жинап, ай сайын жеребе арқылы ережеге сай топтың бір мүшесін умра қажылығына жіберіп тұрады.

Қайырымды жандардан құрылған топтың мақсаты қажылық өтеп қайту. Ал, бұл жолғы жолдаманы топ мүшелері тағдыр тәлкегіне ұшыраған бір мұсылман бауырымызды жеребесіз қажылыққа жолдауды бір ауыздан қолдап, қуаныш сыйлады.

Қажылық жолдамасын салтанатты түрде жұма намазында ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы Мақсат есімді азаматқа табыстады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру