Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

nurgasyr.kz 10.10.2019 4682 0 пікір
Ақтөбе: «Нұр Ғасыр» мешітіне жаңа наиб имам тағайындалды

Қазан айының басында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатына жаңа наиб имамды таныстырды. Төлеби Дәділұлының ұсынысы бойынша, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Сұңғат Сәметов наиб имам қызметіне тағайындалды. Өкіл имам өңірдегі бас мешіттің жаңа қызметкерінің алдағы жұмысына табыс пен сәттілік тіледі.

Бұған дейін Сұңғат Қанатұлы Әйтеке би аудандық орталық мешітінің Бас имамы қызметін атқарған болатын. Облыс орталығынан шалғайдағы өлкеде үш жылдай наиб имам, Бас имам болған діни маманның жұмысын жергілікті жұртшылық жоғары бағалады.

Ақтөбе қаласына жаңа қызметке ауысқан білімді де білікті имамға аудан әкімі М.Елеусізов арнайы «Алғыс хатын» табыстап, иығына шапан жапты. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қ.Ниязов әйтекебилік жамағаттың ризалығын жеткізіп, ақ батасын берді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру