


«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкіл имамы Төлеби Оспан Әйтекеби ауданына іс-сапарға шықты. Облыс орталығынан шалғай орналасқан өңірде өкіл имам аудан әкімімен кездесіп, жергілікті жұртшылыққа жаңа Бас имам Тілес Ғабидолланы таныстырды.
Өкіл имам Төлеби Оспанның ұсынысы бойынша, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Ғабидолла Тілес Ақтөбе облысы Қарғалы ауылындағы «Досжан Хазрет» мешітінің наиб имамы қызметінен босатылып, Әйтеке би аудандық орталық мешітінің бас имамы болып тағайындалды.
Сонымен бірге Т.Дәділұлы бұған дейін Әйтеке би ауданының Бас имамы болған Сұңғат Сәметовтің Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалғанын айтты.
Аудандық әкімдіктегі кездесу барысында жергілікті жердегі діни ахуал сөз болып, дін қызметкерлерінің тұрмыстық жағдайлары тілге тиек етілді.
Өз кезегінде Мәди Елеусізов ауданда наиб имам, Бас имам қызметінде үш жылдай адал қызмет атқарған Сұңғат Қанатұлының жұмысын жоғары бағалады. Облыстың орталық мешітіне жаңа қызметке ауысқан білімді де білікті маманға аудан халқы атынан арнайы «Алғыс хат» табыстап, иығына шапан жапты. Ал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалилолла Ниязов аталық ризалығын білдіріп, ақжолтай батасын берді.
Әйтекеби ауданына іссапарында Т.Дәділұлы жергілікті жамағатпен жүздесті. Сондай-ақ, өкіл имам Жабасақ ауылында болып, ауыл әкімімен кездесті және «Көне мешітті» зиярат етті.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
nurgasyr.kz
09.10.2019
3851
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру