Өскемен қаласында тұратын бір топ қариялар «Халифа Алтай» мешітінде жақында ғана ашылған «Ислам мәдениеті» мұражайымен танысты. ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек Қасболатұлы ақсақалдармен әжелерді қарсы алып, мұражайды аралатты.
Өкіл имам әр жәдігерді толық түсіндіріп, мұражай Ислам тарихымен қатар сонау сақ, ғұн дәуірінен бастап ұлтымыздың тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлерге толы екендігін жеткізді.
Мұражайды аралаған қариялар ерекше әсерге бөленді. Әсіресе Құранның және көне жазбалардың замануи электронды нұсқасына қариялар таңданысын жасыра алмады.
Өкіл имам: «Ислам мәдениеті» мұражайының мешітте ашылуы діни- ордалардың мәдени-ғылыми орталыққа айналып, жастардың рухани тағылым алуына мол әсерін тигізеді» деп атап өтті.
Ақсақалдар мұражайды жоғары бағалады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
09.10.2019
2746
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру