Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: «Мешіт және дін қызметкерлері» апталығы басталды

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 09.10.2019 3083 0 пікір
ШҚО: «Мешіт және дін қызметкерлері» апталығы басталды

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңір бойынша «Мешіт және дін қызметкерлері апталығын» жарияланды.

Бұл игі бастама туралы: «Шара аясында мешіттерде Құран хатым өткізу, жамағатты қамтыған іс-шаралар ұйымдастыру, мешіт жанашырларын марапаттау, ауруханаларды зиярат ету қатарлы игілікті шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ең бастысы мешіт қызметі халыққа насихатталады»,- деп атап өтті Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.

Өңір бойынша апталық аясындағы шаралар басталып та кетті. Өкілдіктің қызметкерлері Өскемен қалалық мешіттерін аралап, хал-жағдайымен танысып, имамдармен пікірлесті.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру